«

»

Feb 15

4.02.19 – 08.02.19 аралығында Швеция, Лунд университетінде «Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасының автономия бойынша семинары

4.02.19-08.02.19 аралығында Швеция, Лунд университетінде «Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде университеттік автономия моделін құру мәселесі бойынша семинар өтті.

Семинарға Қарағанды медицина университеті, Еуропалық университеттер ассоциациясының өкілдері, Лунд университеті, Любляна университеті, мұсылмандық өркениетті зерттеу бойынша Ага Хан-Институты, Любляна техникалық институты, Савония қолданбалы ғылымдар университеті,  дель Сакро Куоре Католикалық университеті, «Астана медицина университеті», М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстандық мемлекеттік медицина университеті, М.Козыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,  Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында Еуропалық университеттер ассоциациясының университеттерді басқарудың ағымдағы жағдайының есебі және жоғары білім беруді реформалау үдерісі бойынша ұсыныстар таныстырылды. Еуропалық серіктестер университеттік автономияны құру тәжірибесімен бөлісті. Семинардың соңында университеттік автономияның базалық моделінің жобасы құрылды. Сонымен қатар, өткізілген семинардың аясында серіктестер жобаның ағымдағы кезеңінің алдағы іс-шараларын талқылады.

DSC_0008 DSC_0022 DSC_0112 DSC_0114 DSC_0121 DSC_0123 IMG_20190204_154952 IMG-20190204-WA0031

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>