«

»

Jun 13

Қазақстандағы «Құрылымдық жобалардың әсер етуі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету» Эразмус + бағдарламасының жоғары білім әлеуетін арттыру бойынша құрылымдық жобалар мен консорциум мүшелерінің Алматы қаласындағы кластерлік кездесуінің барысы туралы есеп

15.05.18 15.05.1812018 жылдың 15 мамырында Алматы қаласында Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесімен бірлесіп, «Құрылымдық жобалардың әсер етуі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ЖБӘА» тақырыбындағы Эразмус + бағдарламасының жоғары білім әлеуетін арттыру бойынша құрылымдық жобалардың үйлестірушілері мен консорциумдарының мүшелерінің кластерлік кездесуі өтті.

Кездесуге Еуропалық Комиссияның Департаментінің, білім беру, аудиовизуалды ресурстар мен мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің (EACEA) өкілдері, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясы қатысты.

Кластерлік кездесуге Эразмус+ құрылымдық жобалар топтарының, 35 университеттің және басқа ұйымдардың өкілдері, жоғары білім беруді реформалау бойынша Эразмус + ұлттық командасының мүшелері, шетелдік үйлестірушілер қатысты. Барлығы 75 адам қатысты.

Кластерлік кездесуде Қазақстанның 21 жоғары оқу орындарында жүзеге асырылған 7 құрылымдық жоба ұсынылды.Өткізу орны Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің негізгі ғимараты болды.Бұл іс-шараның басты мақсаты Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен жүзеге асырылған құрылымдық жобалардың мақсаттары мен нәтижелерімен танысу, оларды жүзеге асыру процесін жетілдіру бойынша одан әрі шаралар әзірлеу, олардың ұлттық деңгейде әсерін арттыру және нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Медициналық қызметтерге көшу кезінде мейірбике саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін көтеру» жобасымен Ректордың кеңесшісі Молотов-Лучанский Вилен Борисович және Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы Меерманова Инеш Бериковна қатысты.

Эрасмус+ЖБӘА құрылымдық жобаларының бастапқы және аралық нәтижелерін тыңдап және талқылағаннан кейін кластерлердің қатысушылары үйлестірушілер мен жобаға қатысушыларға ұсыныстарды берді.

Кластерлік мәжілістің нәтижелері туралы ақпарат Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды ресурстар мен мәдениет жөніндегі Атқарушы агенттікке (EACEA) жаңа AIPO жобаларын қаржыландыру мен іріктеудегі жобалық тәжірибені синтездеу және пайдалану үшін жіберіледі.

 

Меерманова И.Б. Қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі кафедрасының оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>