«

»

Oct 31

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының Пуатье университетімен (Франция) бірлескен жұмысы

11 мамырда Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің Молекулярлы биология және медициналық генетика кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша Erasmus+ жобасының аясында Пуатье университетінен (Франция) профессор Поль Сеит пен профессор Бриджит Ванниер келді. Бұл үлкен жетістік және ол ең алдымен оқытушылардың қызығушылықтары мен серіктестікке дайын екендіктерінен айқындалады.


Университеттің оқытушыларын ғана қызықтырып қоймай, сонымен бірге студенттердің де қызыгушылығын тудыратын зертханалық және дәрістік сабақтар ұйымдастырылды. Биологиялық зертханада профессор Поль Сейт пен профессор Бриджит Ванниер кафедраның қызметкерлерімен бірге ДНҚ бөліп шығару бойынша полимеразалық тізбекті реакция талдауы жүргізілді. Аталған биологиялық материалдан ДНҚ-ны бөліп шығару бойынша зертханалық жұмыста студенттер мен оқытушылар үлкен ғылыми және тәжірибелік құндылыққа ие зерттеудің қатысушыларына айналды.

Келесі күні біздің қонақтар студенттер мен оқытушыларға «Recombinant protein technologies» тақырыбында дәріс сабақтарын оқыды. Дәрістің үлкен әсер қалдырды, сабақтар мағыналы әрі қызықты студенттер мен оқытушылармен бірге пікірсайыс түрінде өтті.

Содан соң, қонақтар «Дәстүрлі түскі асқа» шақырылды. Онда біз қонақтарға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып бердік.

Шетелдік әріптестерімізбен кездесу өте мазмұнды болды және емін-еркін жайдары атмосферада өтті, оқытушылар қызығушылықтарына қарай топтарда араласып, байланысу тәсілдерімен алмасып, ортақ жұмыстардың бағыт-бағдарларымен келісті.

Біз серіктестігіміз ары қарай жалғасын тауып, екіжақты келісімде және жеке байланыстарда өз бейнесін таба алады деген үміттеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>