«

»

Oct 30

Эразмус+ бағдарламасы аясында «WELCOME» жобасы бойынша тренинг

29 мамыр мен 2 маусым аралығында Лиссабон Техникалық институты (Португалия) базасында жоғарғы білімді интернационализациялау бойынша серіктес мемлекеттердің ЖОО-ның қатысуымен тренинг өтті.

Тренингтің бағдарламасына мастер-кластар, пікірсайыстар, сонымен қатар Португалия, Испания, Франция және Эстония елдерінің ЖОО-ның өкілдерінің таныстырылымдары енді.

Қатысушы ЖОО-ның таныстырылымдары келесідей тақырыптарда өткізілді: «Интернационализациялаудың саясаты мен стратегиясы», «Стратегиялық жоспарлау», «Қолдау қызметі», «Ұтқырлық пен ынтымақтастық», Халықаралық рейтингтер», «Қос дипломдандыру мен жұмысқа орналастыру», «Алмасу бағдарламалары/жазғы мектептер».

Қатысушылар интернационализациялаудың стратегиясын жоспарлау және енгізу, ПОҚ, студенттермен алмасу аясындағы қызметі, ЖОО қызметкерлеріне тренингтер өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ЖОО-ның нәтижелі қызметі үшін рейтингтер мен барлық қызметкерлерді интернационализациялау үдерісіне қатыстыру идеясының маңыздылығы атап өтілді.  Бағдарлама қатысушылардың интернационализациялау аясында өтілген тақырыптар бойынша қорытынды есептерімен аяқталды. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Эразмус+ Әрекет2 «Жоғарғы білімдегі потенциалды арттыру» «WELCOME» – «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасын жүзеге асыру 2016 жылы бастау алды.  Нұсқаушы кездесу 2017 жылдың 6-8 наурыз аралығында жобаның үйлестіршісі болып табылатын, Каталония Политехникалық университетінде (Барселона қ., Испания) өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай жоо-ның қызметінің халықаралық бағыттарын шетелдік студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерін жұмылдыру үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерін енгізу арқылы нығайту болып табылады.

Жобаның ұзақтығы – 3 жыл.

Консорциумға қатысушы ЖОО-дар:

1.  Каталония Политехникалық университеті (Испания)

2.  Королдік технологиялық институты (Швеция)

3.  Таллин техникалық университеті (Эстония)

4.  Лиссабонуниверситеті (Португалия)

5.  Ровира және Вирхилийуниверситеті (Испания)

6.  Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция)

7.  Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық университеті (Қазақстан)

8.  Нархозуниверситеті (Қазақстан)

9.  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан)

10.  Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қазақстан)

11. Бэйхануниверситеті (Қытай)

12. ТунцзиУниверситеті (Қытай)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>