«

»

Oct 27

Эразмус+ Жоғары білімнің потенциалын көтеру ҚММУ жобаларының топтарымен консультациялық кездесу

FullSizeRenderFullSizeRender

18 қазан күні сағат 15.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің негізінде Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызы ханымның ұйымдастыруымен Эразмус+ Жоғары білімнің қарымын көтеру мақсатында ҚММУ жобаларының топтарымен консультациялық кездесу өтті. Кездесуде ҚММУ-нің Эразмус+ бағдарламасының төмендегідей жобаларының үйлестірушілері мен менеджерлері қатысты:

  • TAME «Медициналық қателіктерді жібермеу үшін оқыту»;
  • WELCOME «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу»;
  • TUTORIAL «Азиядағы қоршаған орта мен денсаулықтың күйі саласындағы білім, зерттеулер мен инновациялар бойынша желіні нығайту»;
  • TRUNAK «Қазақстанда университеттік автономияға көшу»;
  • ProInCa «Мейіргерлік ісі саласындағы жоғарғы білім берудің жаңартушылық әлеуетін денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы дамыту».

Консультациялық кездесу барысында жоба менеджментіндегі қиыншылықтар мен мәселелер, оларды шешу жолдары, жобаның негізгі кезеңдері, жаңа жобалар үшін нұсқаушы кездесулерді ұйымдастырулар талқыланды. Консультациялық кездесудің соңында әр жобаның өкілдері Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызына жеке сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>