Жиі қойылатын сұрақтар

Эразмус + бағдарламасы туралы ең жиі қойылатын сұрақтар

 

Жалпы түсініктер

 

  1. Эразмус +? деген не?

Эразмус + бағдарламаларының негізгі мақсаты Білім беру, Оқыту, Жастар және Спорт саласындағы шараларға қолдау көрсету болып табылады. Бағдарламаның іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолжетімді бюджеті €14,7 миллиард құрайды (2014-2020).

Эразмус + Білім беру әлемдерін ынтымақтастыққа жеткізу және біріктіру үшін, сонымен қатар еңбек қызметін жүргізу үшін болысу мақсатында Білім беру, Оқыту және Жастар мекемелері мен ұйымдары арасында ұлтаралық серіктестікті қолдайды.

Бұл бағдарлама Білім беру, Оқыту және Жастар саясаты жүйесін жаңғыртудың Ұлттық әрекеттерін қолдайды.

Спорт саласында жарыстар кезіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу, допинг пайдалану, және де зорлық пен нәсілшілдік сияқты бұқаралық жобаларды және көкейкесті халықаралық мәселелерді қолдау болжанады.

Эразмус + Білім беру, Оқыту және Жастар салаларындағы бұрыннан әрекет ететін жеті бағдарламаны біріктіреді; Спорт үшін алғашқы рет қолдау көрсетіп отыр. Біріктіруші бағдарлама ретінде Эразмус + Білім беру, Оқыту, Жастар және Спорт секторлары арқылы ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады және қатысу ережелерін жеңілдету арқылы бағдарламаға қатысуды оңай етеді.

  1. Халықаралық кредиттік мобилділік деген не?

Үш миллионнан астам студентке Еуропаның басқа жоғары оқу мекемесінде зерттеулерінің бір бөлігін өткізуге мүмкіндік берген Эразмус бағдарламасын 25 жылдан астам уақыт бойы Еуропа қаржыландырып келді. Эразмус + енді осы мүмкіндікті әлемнің басқа елдерінің серіктес университеттерімен мобилділік жүргізуге жол ашып отыр.

  1. Home («үй») мекемесі деген не?

Егер Сіз студент болсаңыз, Сіздің қазіргі уақытта тіркеліп отырған мекемеңіз Сіздің үй мекемеңіз болып табылады.

Егер Сіз оқытушы немесе қызметкер болсаңыз, Сіздің үй мекемеңіз – Сіз тұрақты түрде (толық жұмыс күні) жұмыс істейтін мекемеңіз.

Host мекеме деген не?

Эразмус +жобасы шеңберінде өз зерттеуіңізді/жұмыс бағдарламаңызды өткізетін мекемеңіз.

  1. Мобилділік жобасы деген не?

Мобилділік жобасы барлық жоғары оқу орындары үшін жапсырмалы нұсқада сұралып отырған мобилділіктің барлық жинақтарынан тұрады.

Жобаға келесі шаралар кіреді:

– Серіктес елдің жоғары оқу орнынан/жоғары оқу орнына зерттеу жүргізу үшін студенттік мобилділік

– Серіктес елдің жоғары оқу орнында/жоғары оқу орнынан сабақ беру үшін оқытушылар мобилділігі

– Серіктес елдің жоғары оқу орнында/жоғары оқу орнынан оқу үшін қызметкерлер мобилділігі

  1. «Форс-мажор» деген не?

EACEA анықтамасы бойынша форс-мажор барлық салынған күшке қарамастан Эразмус + жобасыны шеңберіндегі талаптарға қол жеткізуге бөгет жасайтын, бақылауға алынбайтын, болжанбайтын немесе ерекше оқиға болып табылады.

Материалдардың немесе жабдықтардың іркілулермен, әртүрлі кідірістермен, еңбек қайшылықтармен, ереуілдермен немесе қаржылық қиындықтармен атқарылған жұмысты форс-мажор ретінде қарастыруға болмайды.

 

Тиімділік

Эразмус + грантын иеленуші Еуропалық қормен қаржыландырылатын басқа бағдарламалардан қосымша гранттар ала алады ма.

Жоқ, Эразмус + бағдарламасы шеңберінде бір рет грант алуға болады, басқа сөзбен айтқанда, Эразмус + еуропалық грант алушылар, олар ЕО грантын алған жағдайда, еуропалық қаржыландырудың басқа түрін ала алмайды.

Бірақ грант иеленуші Еуропамен қаржыландырылмайтын басқа қорлардан грант алатын жағдайда (мысалы өзінің университетінің гранты, немесе басқа қордың гранты), ол екі грантты да қолдана алады.

 

Грантты бірнеше рет алуға бола ма?

Егер грант иеленуші Эразмус + бағдарламасынан мобилділіктің бір түрі бойынша пайда алса, жоба түріне байланыссыз оған осы мобилділік бойынша басқа гранттан пайда алуға рұқсат етілмейді.

 

Білім алушының/оқытушының home institution елі мобилділікке қолайлы елдер тізіміне кірсе, бірақ мекеменің өзі қандай да Консорциумға кірмесе, мобилділікке қатысуға мүмкін ба?

 Жоқ, жобаның Консорциумының бір бөлігі болып табылатын мекемелердің өкілдері ғана Эразмус + грантын алу құқығына ие.

 

Эразмус + мобилділігі шеңберінде білім алу/оқыту қандай тілде жүргізіледі?

Мобилділік қандай тілде жүргізіледі?

  • ҚММУ білім алудың барлық деңгейінде – бакалавриат, магисртатура, докторантура ағылшын тілінде оқытуды ұсынады.
  • ҚММУ серіктес жоғары оқу орындарында Эразмус + бағдарламасы бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Эразмус + мобилділік бағдарламасына қатысу критерийлері

– білім алушылар өз университетінде тіркелу керек;

– бакалавриатта білім алушылар өз жоғары оқу орнында бір академиялық жылды аяқтау керек;

– магистратурада білім алушылар мен зерттеу жүргізушілер өз жоғары оқу орнында ең болмағанда бір семестр оқып шығу керек;

– докторантурантурада білім алушылар ең болмағанда бір жыл оқу керек және қандай да ғылыми-зерттеу жобасы болу керек.

– академиялық және әкімшілік қызметкерлер өз жоғары оқу орнында толық ставкаға жұмыс істеу керек.