Cеріктестер үшін оралу

SPRING жобасы туралы

Снимокlogo SPRING

 

 

 

 

 

 

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Еуропалық Комиссияның Білім, Мәдениет және аудиовизуалды мәселелер жөніндегі Атқарушы Агенттігі жобасының ERASMUS+ «SPRING Медициналық білім беруде сараптамалық бағалаудың құралдары мен мақсаттарын анықтау609528-EPP-1-2019-1-GE-EPPKA2-CBHE-JP» қатысушысы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жөніндегі жобалар шеңберінде 2020 жылдан 2022 жылға дейін іске асырылатын болады.

Жоба қатысушы серіктес елдерде медициналық білім сапасын арттыруға бағытталған.

Жобаның мақсаттары:

  1. Серіктес елдерде және одан тыс жерлерде медициналық мектептердің академиялық және әкімшілік салаларындағы ағымдағы жақсартуларды негіздеу үшін тиімді құрал ретінде рецензиялау процесі туралы хабардарлықты арттыру.

  2. Көп ұлтты алқалы сараптау комиссиясын(MPRB) құру.

  3. Академиялық бағдарламалар мен процестерді, сондай-ақ серіктес елдерде және одан тыс жерлерде әкімшілік саясаттарды, рәсімдер мен іс-әрекеттерді рецензиялаудың үздіксіз процесі үшін келісімді құру және қамтамасыз ету.

  4. Өзін-өзі бағалау және рецензиялау бойынша міндеттерді тиімді жүргізу барысында оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлердің әлеуетін арттыру;

  5. «Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін медициналық және санитарлық ағарту саласындағы (PRIMED-EECA)» жыл сайынғы рецензиялау ғылыми-практикалық журналын құру.

  6. Серіктес елдерде ЖОО-нда интернационалдандыруды күшейту.

  7. Бағдарламаның серіктес елдеріндегі қатысушы мекемелер арасында, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы денсаулық сақтау және медициналық білім мәселелерімен айналысатын тиісті министрліктер мен ұлттық мекемелерде жобаның жетістіктері және басқа да соңғы өнімдер туралы ақпаратты тарату.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

  1. Серіктес-елдер мекемелерінде академиялық және әкімшілік салаларда рецензиялау процесі туралы хабардарлықты арттыру.

  2. Тұрақты негізде көп ұлтты алқалы бағалау кеңесін құру және оның жұмыс атқаруы.

  3. Академиялық бағдарламаларды алқалы бағалау процесі мен әкімшілік саясат-әріптес ел мекемелеріндегі рәсімдер мен іс-қимылдар арасындағы тұрақты өзара іс-қимылға қол жеткізу.

  4. Серіктес елдердегі ЖОО-лардың интернационалдандыру деңгейін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2020 – 2022 ж. ж.

ҰАҚ «Қарағанды медицина университеті» жұмыс тобы:

  • Ларюшина Елена Михайловна – жоба үйлестірушісі

  • Риклефс Виктор Петрович – жоба зерттеушісі

  • Калиева Шолпан Сабатаевна – жоба зерттеушісі

  • Тургунова Людмила Геннадьевна – жоба зерттеушісі

  • Мулдаева Гульмира Мендыгереевна – жоба зерттеушісі

  • Шерьязданова Динара Нурлановна – жоба әкімшісі

  • Цай Наталья Владимировна – жоба қаржыгері

Жоба серіктестері