ҚММУ Erasmus+ кредиттік ұтқырлық

Эразмус+ — Еуропалық Одақтың білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық мобилділікті қолдауға бағытталған 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа бағдарламасы.

Бағдарлама туралы ағылшын тілінде егжей-тегжейлі ақпарат http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm сайтында берілген.

Презентацияhttp://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/documents/erasmus-plus-programme-guide_en.pdf

Эразмус+ бағдарламасы білім беру және оқыту жүйелерін жаңғырту және тұрақты дамытуға қолдау жасауға, жастар саясаты және спортты дамытуды қолдауға, сонымен қатар дағдыларды жетілдіруге және, осылайша, адамдарды жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адам әлеуетін дамытуға инвестицияларды едәуір ұлғайтуды болжайды.

Жаңа атаумен ол 2007-2013 жылдары әрекет еткен бірқатар бағдарламаларды бірыңғай біріктірілген бағдарламаға жинақтады, атап айтсақ, Өмір Бойы Білім Алу Бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Әрекет етуші жастар, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіптік дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы). Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларын осылай бүтін бір бағдарламаға біріктіру Бағдарламаның құрылымын оңтайландыруға, және де әрі қарай грантқа өтінімдер беру үдерісін жеңілдетуге, қаржы құралдарын тиімді пайдалануды арттыруға, әрекет етіп жатқан бағдарламалардың қайталануын азайтуға және бөлектенуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда Erasmus+ (бұрын Tempus) бағдарламасы 1995 жылдан бастап әрекет етеді. Бағдарламаның Қазақстандағы үйлестірушісі – Тасбулатова Шайзада Умурзаковна.

 

Erasmus + International credit motilities серіктестері

Логотип Аты Ел Ұсыныс Сайт
 LOGO_UNIV_Poitiers Пуатье Университеті Франция Presentation materials www.univ-poitiers.fr
 porto Порто Университеті Португалия Presentation materials www.up.pt
 LundUniversity_C2line_RGB Лунд  Университеті Швеция Presentation materials www.lunduniversity.lu.se
 medical-university-plovdiv-black Пловдив Медициналық университеті Болгария Presentation materials www.meduniversity-plovdiv.bg/ru