«

»

мая 30

Мейіргер ісінің инновациялық әлеуеті туралы

СД Нур-Султан 1 СД Нур-Султан 2 СД Нур-Султан 4 СД Нур-Султан23-24 мамырда Назарбаев Университетінің медицина мектебінде «ProInCa – Денсаулық сақтау саласындағы реформа аясында мейіргер ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін дамыту» жобасының шеңберінде «Институционалдық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы мейіргер ісін дамыту» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияға жүзден астам университеттердің, жоғары медициналық колледждер, колледждер өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ДСДРО, Денсаулық сақтау министрлігі, халықаралық мейірбике ассоциациялары және шетелдік Финляндия, Нидерланды және Словенияның жоба серіктестері қатысты.

Қарағанды медицина университетінен, жобаның жұмыс пакеті мүшелері, ректордың кеңесшісі В. Б. Молотов-Лучанский, мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының докторанты А.Р. Айтмағамбетов, қоғамдық денсаулық сақтау магистранты Ж.М. Қуаныш қатысты.

Конференцияда медицина саласындағы қазақстандық жоғары оқу орындарының мейіргер ісі саласындағы инновациялық әлеуетін дамыту, халықаралық мейірбике ассоциацияларының мейіргер ісін дамытудағы тәжірибелері, мейіргер ісі саласындағы зерттеулердегі, дәлелді мейірбике ісіндегі халықаралық озық тәжірибелер тақырыптары ұсынылды.

 

Ж.М. Қуаныш «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>