«

»

Apr 15

Мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен жобалар

2019 жылдың 1 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында ProInCa жобасының аясында Назарбаев Университетінің медицина мектебінде «Сапалы зерттеулер және мейіргер ісі саласындағы жобаларды дамыту» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Семинарды Қарағанды медицина университеті (Қазақстан) және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы медициналық мекемелердің мейіргер ісі және медициналық ЖОО мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының бірлескен әлеуетін құру. Мастер-класс ашу салтанаты Назарбаев Университетінің Ғылым және білім департаментінің директоры Сыздыкова Алма Алибековна және Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызының қолдауымен өткізілді.

Мастер-класс шеңберінде келесі пәндер бойынша ұлттық білім беру материалдарының жобасы жасалды: 1) мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және 2) мейіргер ісі саласындағы жобаларды дамыту. Материалдар колледждерде және жоғары оқу орындарында академиялық және қолданбалы бакалавриат және магистратура бағдарламаларында қолданылатын болады.

Мастер-класқа Қазақстанның медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. ҚМУ-ін келесі топ таныстырдыі: мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы А.Р. Айтмағамбетов, «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш.

Үйлестірушілер ретінде Финляндиялық JAMK қолданбалы ғылымдар университетінен қонақтар болды: Йоханна Хейккиля, PhD, ProInCa жобасының аға кеңесшісі, денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебі, Ханна Хопия, PhD, аға оқытушы, Туйя Ринкинен, D.H.Sc (Health Sciences), аға оқытушы, Альберта Т. (Бетти) Остерхофф, PhD, оқытушы және зерттеуші, мәдени антропология және денсаулық, медициналық зерттеулео мектебі, Hanze қолданбалы ғылымдар университеті, Гронинген (Нидерланды).

ProInCa туралы көбірек білу үшін http://Proinca-nursing.kz және әлеуметтік желілерде бізбен болыңыздар.

Мастер-класс 1 Мастер-класс 3 Мастер-класс

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>