«

»

Oct 30

ҚММУ-нің Эразмус+ ЖББӘА жобалары нәтижелерінің көрмесіндегі жеңістері

2018 жылдың 25 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан жоо-ның, ұлттық органдарының, ЕО-қа мүше елдердің елшіліктері мен басқа да қызығушылық танытқан ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Эразмус+ бағдарламасының жоғары білім беру әлеуетін арттыру бойынша жобалары  нәтижелерінің көрмесі және бағдарламаның Қазақстандағы Ақпараттық күні болып өткен болатын. Эразмус+ бағдарламасы Ұлттық Кеңсесінің Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттігімен және білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастырған іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттігінің басшысы Свен-Олов Карлссон мырза мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мырза қатысты.

 5

ҚММУ серіктес жоо-мен бірлесе отырып, 5 жобаны ұсынды, оның ішінде 4 жоба жүлделі орындарға ие болды: WELCOME және ProInCa – 1 орын, TAME – 2 орын, TUTORIAL – 3 орын.  TRUNAK жобасының тобы тиімділік пен кәсібилік куәлігімен марапатталды.

3
ҚММУ мен жобалардың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>