2018 жылдың 25 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан жоо-ның, ұлттық органдарының, ЕО-қа мүше елдердің елшіліктері мен басқа да қызығушылық танытқан ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Эразмус+ бағдарламасының жоғары білім беру әлеуетін арттыру бойынша жобалары нәтижелерінің көрмесі және бағдарламаның Қазақстандағы Ақпараттық күні болып өткен болатын. Эразмус+ бағдарламасы Ұлттық Кеңсесінің Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттігімен және білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастырған іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілеттігінің басшысы Свен-Олов Карлссон мырза мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мырза қатысты.
ҚММУ серіктес жоо-мен бірлесе отырып, 5 жобаны ұсынды, оның ішінде 4 жоба жүлделі орындарға ие болды: WELCOME және ProInCa – 1 орын, TAME – 2 орын, TUTORIAL – 3 орын. TRUNAK жобасының тобы тиімділік пен кәсібилік куәлігімен марапатталды.
ҚММУ мен жобалардың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!
Соңғы пікірлер