«

»

Oct 22

ProInCa “Promoting the Innovation Capacity of Higher Education in Nursing during Health Services’ Transition” жобасы аясында жобасының шеңберінде Мейірбике ісі бойынша көшбасшылық шеберлік класы, Лахти, Финляндия (29.09-08.10.2018)

2018 жылдың 29 қыркүйегі мен 8 казаны аралығында ProInCa «Promoting the Innovation Capacity of Higher Education in Nursing during Health Services’ Transition»  жобасының шеңберінде Хельсинки және Лахти қалаларында (Финляндия) семинар мен мастер-класс өтті. Біздің университеттен ШОЗ деканы Б.Серик, мейірбике ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш қатысты.

Бірінші күні «Мейіргер ісі саласындағы ғылыми зерттеулер» (NRF, HOTUS) тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Сондай-ақ, HUS-дегі медбикелерді стратегиялық басқарумен таныстырылды.

2018 жылдың 2 қазанында Лахти қолданбалы ғылымдар университетінде «Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» тақырыбында қарқынды семинар және мастер-класс басталды.

Интенсивті семинардың мақсаты денсаулық сақтау ұйымдарында көшбасшылық әлеуетін нығайтуға мейіргер менеджерлер мен университеттің оқытушыларына арналған нұсқаулар, оқу материалдарын әзірлеу болды.

Мастер-класс барысында келесі тақырыптар бойынша дәрістер тыңдалды:

1. Финляндияда докторантура.

2. Pajjät-Häme Social and Healthcare тобындағы мейірбике ісі және денсаулық сақтау медбикесі

Дәрістерді Пяйятт-Хяме орталық ауруханасында мейірбике ісі жөніндегі директоры Риосто Райвио, клиникалық білімнің және Пирджо Орр алғашқы медициналық көмекке қолдау көрсету бөлімі бас дәрігері оқыды.

Қатысушылар соңғы күні «мейіргер ісі» мамандығының бакалавиат студенттеріне арналған симуляциялық орталыққа барды.

Мастер-клас соныңда барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.МК5 МК1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>