«

»

мая 18

«CASEU – Орталық Азия және Еуропа университеттері» Erasmus Mundus жобасы бойынша қорытынды кездесу

фотка

2018 жылдың 9-11 мамыр аралығында Порто университетінің (Порту қ., Португалия) базасында «CASEU – Орталық Азия және Еуропа университеттері» Erasmus Mundus жобасының қорытынды кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан), Самарқанд ауыл шаруашылық институтының (Өзбекстан), Ургенч мемлекеттік университетінің (Өзбекстан), Барселона университетінің (Испания), Пуатье университетінің (Франция), Қасиетті Радбод Утрехтский атындағы Неймеген университетінің (Нидерланд), Валенсия политехникалық университетінің (Испания) өкілдері қатысты.

9f4e78b2-5fc6-4c21-b2a6-2492d174f10e

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті жобаға 2014 жылы қосылды. Грантқа өтініш беруші және CASEU жобасының үйлестірушісі – Барселона университеті (Испания) болып табылады.

Аталған жобаның шеңберінде Еуропа елдерінің серіктес университеттерінен  магистранттардың, докторанттардың, сондай-ақ әкімшілік және ғылыми қызметкерлерінің  Орталық Азияның серіктес жоо-на академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылды.

Кездесудің бірінші күні барлық жоо-ның өкілдері жобаның аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. CASEU үйлестіруші тобы білім беру, мәдениет және аудиокөрінбелі құралдар бойынша атқарушы агенттіктің (EACEA) үшінші есебінің нәтижелерін ұсынды.

фото

Біздің университет Пуатье университетінің профессорлары – Поль Сеит және Бриджит Ванниердің сапары туралы баяндама жасады. Профессорлар CASEU жобасының аясында біздің университетке екі рет: 2017 жылдың 20 қарашасынан 4 желтоқсанына дейін және 2018 жылдың сәуірінде келген болатын.

ҚММУ-да болу кезінде профессорлар тарапынан дәрістер мен практикалық сабақтар, әртүрлі тақырып бойынша мастер-класстар, ҚММУ-дің оқытушыларымен бірге дөңгелек үстелдер мен пікірталастар, студенттерге зертханалық сабақтар өткізілді. Пуатье университеті профессорларының жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі – биология бағытындағы кафедраларынан 5 профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Биология» мамандығының магистратураның 3 студенті үшін Пуатье университетінде ғылыми тағылымдама ұйымдастыруы болды.

Екінші күн іріктеу мен мойындау мәселелерін талқылауға арналды, Executive & Quality group және Communication and promotion group тақырыбындағы мастер-кластар өткізілді. Топтардағы жұмыс қорытындысы бойынша қорытынды есептеме дайындалды, CASEU жобасын таратуға арналған флайерлер мен брошюралар бекітілді.

Сондай-ақ, сапар барысында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Порто университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің өкілдері арасында кездесу өтті, онда академиялық ұтқырлық және әлеуетті бірлескен ғылыми зерттеулер шеңберінде одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>