«

»

Apr 06

Эразмус Мундус «CASEU» жобасы аясында Пуатье (Франция) Университетінің профессорлары Поль Сеит және Бриджит Ванниермен өткізілген «Эпигенетика» тақырыбындағы мастер-класс

2018 жылдың 27 наурызбен 5 сәуір аралығында «CentralAsianandEuropeanUniversities» (CASEU) жоба шеңберінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Биология кафедрасында Пуатье (Франция) Университетінің профессорлары Поль Сеит және Бриджит Ванниермен ағылшын тілінде «Эпигенетика» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Мастер – класстың тақырыбы эпигенетика түсінігі және оның адам үшін мәні, қазіргі уақытта эпигенетика қандай роль ойнайтындығы туралы болды.

Осы уақыт аралығында Пуатье (Франция) Университетінің профессорлары Поль Сеит және Бриджит Ванниер эпигенетиканың негізгі концепциялары, геномдардың ұйымдасуы, гистондық модификация және хроматиндердің ремоделирленуі, дәрі-дәрмек  терапиясы және персонализациясы тақырыбындағы презентациялар ұсынды, осыған аудитория белсенді түрде қатысты және талқылады.

Пуатье (Франция) Университетінің профессорлары Поль Сеит пен Бриджит Ванниер және университет оқытушыларымен бірлесе отырып, биология кафедрасы және ұжымдық пайдалану зертханасында адамның жасушалық тізбегіндегі  MycN анықтау үшін ПТР – зерттеу жүргізді. Жұмыс барысында жұмыстың өткізу механизмінің мәселелері және техникалық талдауы талқыланды.

Сондай-ақ, жоғары Импакт факторы бар журналдарға жариялымдарға, мақалалар мен оқылуға аса назар аударды.

«Эпигенетика бұл біздің геномымызға тұтастай жауапты екенімізді дәлелдейді.  Бұрын біз ойладық тек гендер біздің кім екенімізді болжайды деп. Бүгін біз анық білеміз: барлық біз істеп жүрген нәрсе, біздің жеп, ішіп жүргеніміз, біздің өмір сүру салтымыз біздің гендердің белсенділігіне және гендердің болашақ генерациясына әсер етеді.

Эпигенетика бізге еркін таңдаудың жаңа концепциясын ұсынады»

Рэнди Джиртл

Мастер-класс биология кафедрасы мен халықаралық ұйымдасу және стратегиялық

жоспарлау бөлімімен бірге ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>