«

»

Oct 31

ҚММУ-нің Европалық Одақ жобаларының көрмесінде Европа күнін тойлау аясындағы қатысуы

2017 жылдың 31 мамырында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Астана қаласында өткен Европалық Одақ жобаларының Көрмесіне қатысты.

Аталған Көрме Европалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі тарапынан ұйымдастырылды. Европалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі 1999 жылдан бері бұл оқиғаны жыл сайын көптеген мәселелердің шеңберінде, соның ішінде мәдени және білім сұрақтарына арналған іс-шаралардың кешенін өткізу арқылы тойлайды.

Көрменің негізгі идеясы қазақстандық және шетелдік әлеуметті Европалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын жобалармен таныстыру болып табылады.

ЕО жобаларында қатысушылар арасынан Көрмеде келесі ЖОО-ы таныстырылды:

  • С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті;
  • Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті;
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті;
  • «Астана Медициналық Университеті»;
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті;
  • М. Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік-Экономикалық Университеті;
  • КИМЭП Университеті;
  • Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті.
  • 20170531_162809

Европалық Одақ жобаларының Kөрмесі ЕО-тың Қазақстандағы өкілеттігінің Басшысы, ЕО-тың ҚР-ғы Елшісі – Траян Лауренцю Христеаның құттықтау сөзімен ашылды.

Көрме барысында қонақтарға әр жоба бойынша таныстырылымдық мәліметтер ұсынылды.

Көрменің соңына қарай барлық қатысушылар мен қонақтар мерекелік концертке шақырылды.

ҚММУ тарапынан ұсынылған жобалардың қатарында (TAME, PEOPLE, TUTORIAL) WELCOME – «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасы да бірге ұсынылды. Аталған жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай жоо-ның қызметінің халықаралық бағыттарын шетелдік студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерін жұмылдыру үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерін енгізу арқылы нығайту болып табылады. Жобалардың міндеттері болып:

-университеттердің интернационализациялануын зерттеу;

-қазақстандық және қытайлық университеттердің интернационализациялау бойынша порталын жасап шығару;

– интернационализациялау бойынша Стратегиялық және Маркетингтік жоспарларын институционалдық деңгейде жасап шығару және енгізу;

-университеттерде халықаралық ынтымақтастықтың қызмет көрсетуге бағытталған кеңселерін ашу.

Жобаның ұзақтығы 3 жылға негізделген – 2016 жылдан 2019 жылға дейін.

20170531_170118 (1)

Жобаның серіктестері:

  1. Каталония Политехникалық университеті (Испания)
  2. Королдік технологиялық институты (Швеция)
  3. Таллин техникалық университеті (Эстония)
  4. Лиссабонуниверситеті (Португалия)
  5. Ровира және Вирхилийуниверситеті (Испания)
  6. Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция)
  7. Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық университеті (Қазақстан)
  8. Нархозуниверситеті (Қазақстан)
  9. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан)
  10. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қазақстан)
  11. Бэйхан университеті (Қытай)
  12. ТунцзиУниверситеті (Қытай)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мына HTML тегтері мен төлсипаттарын қолдануыңыз мүмкін: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>