Oct 30

Эразмус + WELCOME «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау»жобасы бойынша есеп, Испания, Барселона қаласына іссапары туралы есеп беру.

2017 жылдың 6 мен 7-наурыз аралығында ҚММУ-нің қызметкерлері –  Эразмус + WELCOME «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау» жобасының үйлестірушісі, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы С. Б. Қасымова және ҚММУ-нің Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы А. С. Букеева Эразмус + жобасы аясында Барселона қаласындағы мәжіліске қатысты.

Мәжіліс Каталония Политехникалық Университетінің базасында өтті. Мәжілістің жұмысына, сонымен қатар төмендегі университеттер қатысты:

1.  Каталония Политехникалық Университеті, Испания

2.  Бэйхан университеті, Қытай Халық Республикасы

3.  НАРХОЗ университеті, Қазақстан

4.  Қазақ экономикалық, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қазақстан

5.  Корольдік технологиялық институт, Швеция

6.  Л. Н. Гумилёв атындағы Евразия ұлттық университеті, Қазақстан

7.  Таллин техникалық университеті, Эстония

8.  ТунцзиУниверситеті, Қытай Халық Республикасы

9.  Лиссабон университеті, Португалия

10.  Ровира и ВирхилийУниверситеті, Испания

11.  Перпиньян – Виа ДомитьаУниверситеті, Франция

Мәжілісті Каталония Политехникалық Университетінің халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры – ЛоурдесРейгПуиг, сонымен қатар жобаның бас үйлестірушісі – АлисияБерланга ашты. Барлық серіктес жоғары оқу орындары өздерінің таныстырылымдарын ұсынды, солардың қатарында ҚММУ да өз жоғарғы оқу орны туралы және жобаны іске асыру келешектері туралы таныстырылымын көрсетті.

Келесі күні Каталония Университетінің «Халықаралық университеттер қоғамдастықтарын қолдау» жобасының жалпы таныстырылымы ұсынылды, содан кейін ары қарай бірігіп жасалатын жұмыстың жоспары талқыланды және жұмыс бумаларына жауаптылар тағайындалды.

Тренингтің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Oct 30

Эразмус+ бағдарламасы аясында «WELCOME» жобасы бойынша тренинг

29 мамыр мен 2 маусым аралығында Лиссабон Техникалық институты (Португалия) базасында жоғарғы білімді интернационализациялау бойынша серіктес мемлекеттердің ЖОО-ның қатысуымен тренинг өтті.

Тренингтің бағдарламасына мастер-кластар, пікірсайыстар, сонымен қатар Португалия, Испания, Франция және Эстония елдерінің ЖОО-ның өкілдерінің таныстырылымдары енді.

Қатысушы ЖОО-ның таныстырылымдары келесідей тақырыптарда өткізілді: «Интернационализациялаудың саясаты мен стратегиясы», «Стратегиялық жоспарлау», «Қолдау қызметі», «Ұтқырлық пен ынтымақтастық», Халықаралық рейтингтер», «Қос дипломдандыру мен жұмысқа орналастыру», «Алмасу бағдарламалары/жазғы мектептер».

Қатысушылар интернационализациялаудың стратегиясын жоспарлау және енгізу, ПОҚ, студенттермен алмасу аясындағы қызметі, ЖОО қызметкерлеріне тренингтер өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ЖОО-ның нәтижелі қызметі үшін рейтингтер мен барлық қызметкерлерді интернационализациялау үдерісіне қатыстыру идеясының маңыздылығы атап өтілді.  Бағдарлама қатысушылардың интернационализациялау аясында өтілген тақырыптар бойынша қорытынды есептерімен аяқталды. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Эразмус+ Әрекет2 «Жоғарғы білімдегі потенциалды арттыру» «WELCOME» – «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» жобасын жүзеге асыру 2016 жылы бастау алды.  Нұсқаушы кездесу 2017 жылдың 6-8 наурыз аралығында жобаның үйлестіршісі болып табылатын, Каталония Политехникалық университетінде (Барселона қ., Испания) өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай жоо-ның қызметінің халықаралық бағыттарын шетелдік студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерін жұмылдыру үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерін енгізу арқылы нығайту болып табылады.

Жобаның ұзақтығы – 3 жыл.

Консорциумға қатысушы ЖОО-дар:

1.  Каталония Политехникалық университеті (Испания)

2.  Королдік технологиялық институты (Швеция)

3.  Таллин техникалық университеті (Эстония)

4.  Лиссабонуниверситеті (Португалия)

5.  Ровира және Вирхилийуниверситеті (Испания)

6.  Перпиньян – Виа Домитьауниверситеті (Франция)

7.  Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық университеті (Қазақстан)

8.  Нархозуниверситеті (Қазақстан)

9.  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (Қазақстан)

10.  Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қазақстан)

11. Бэйхануниверситеті (Қытай)

12. ТунцзиУниверситеті (Қытай)

Oct 27

Эразмус+ Жоғары білімнің потенциалын көтеру ҚММУ жобаларының топтарымен консультациялық кездесу

FullSizeRenderFullSizeRender

18 қазан күні сағат 15.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің негізінде Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызы ханымның ұйымдастыруымен Эразмус+ Жоғары білімнің қарымын көтеру мақсатында ҚММУ жобаларының топтарымен консультациялық кездесу өтті. Кездесуде ҚММУ-нің Эразмус+ бағдарламасының төмендегідей жобаларының үйлестірушілері мен менеджерлері қатысты:

  • TAME «Медициналық қателіктерді жібермеу үшін оқыту»;
  • WELCOME «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу»;
  • TUTORIAL «Азиядағы қоршаған орта мен денсаулықтың күйі саласындағы білім, зерттеулер мен инновациялар бойынша желіні нығайту»;
  • TRUNAK «Қазақстанда университеттік автономияға көшу»;
  • ProInCa «Мейіргерлік ісі саласындағы жоғарғы білім берудің жаңартушылық әлеуетін денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы дамыту».

Консультациялық кездесу барысында жоба менеджментіндегі қиыншылықтар мен мәселелер, оларды шешу жолдары, жобаның негізгі кезеңдері, жаңа жобалар үшін нұсқаушы кездесулерді ұйымдастырулар талқыланды. Консультациялық кездесудің соңында әр жобаның өкілдері Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Ш. Ө. Тасболатқызына жеке сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

» Newer posts